6 қаңтар күні әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтаған. Дәрігерлер жас жігіттің өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қала алмады. Ол ауруханада көз жұмған.
Алдын ала диагноз ретінде «жедел лейкоз» аталып отыр. Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз қызмет барысында бірнеше рет дәрігерге қаралып, медициналық бақылауда болған. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде тексеруден өткен.
«Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Бұл жағдай ішкі істер министрінің орынбасарының жеке бақылауында», — деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін, соңғы үш жылда елімізде әскерде қаза тапқан сарбаздар саны 270 болғанын жазғанбыз.