Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл оқиғалар әскери қақтығыстарда емес, бейбіт уақытта, яғни әскери бөлімдердегі күнделікті қызмет барысында орын алған. Әскерде әлімжеттік (дедовщина) фактілері ресми тіркелмегенімен, қоғамда бұл мәселенің бар екені жиі айтылады. Сонымен қатар психологтар жүздеген шақырылушыда психологиялық қиындықтардың барын анықтағанымен, медициналық тексерістің сапасына қатысты сұрақтар да көтерілуде.
Сарбаздарының қайтыс болуына байланысты бірнеше аймақта ата-аналар мен туыстар митиңтерге шығып, тергеулердің ашық жүргізілуін талап етті. Қорғаныс министрлігі әрбір факті бойынша тексеру жүргізілетінін мәлімдегенімен, қоғам өкілдері тергеулердің нәтижесі сирек жарияланатынын айтады.
Сарапшылардың пікірінше, көптеген елдерде әскери қызметтегі бір сарбаздың қазасының өзі жоғары шенеуніктердің жауапкершілігін күшейтеді. Мәселен, Еуропа мен АҚШ-та мұндай оқиғалар парламенттік немесе министрлік деңгейіндегі тексерулерге негіз болады. Қазақстанда да әскердегі қауіпсіздік, тәртіп пен бақылауды күшейту қажеттігі жиі айтылып келеді.
Қорғаныс саласындағы реформалар бірнеше бағытты қамтиды: тәрбие жұмысын жетілдіру, әскери психологтардың жұмысын күшейту, бейнемониторинг жүйесін енгізу, сондай-ақ әскери бөлімдерде ашықтықты арттыру. Алайда қоғам белсенділері бұл шаралардың жеткіліксіз екенін айтады.
Соңғы үш жылдағы 270 өлім фактісі — әскери жүйені қайта қарау қажеттігін көрсеткен елеулі көрсеткіш. Қазір бұл мәселе бойынша талқылаулар жалғасып жатыр.