weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дания қағаз хаттан толықтай бас тартқан әлемдегі алғашқы ел атанды

Дания қағаз хаттарды жеткізуден ресми түрде бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекет болды. Соңғы хат 30 желтоқсанда таратылып, осыдан кейін PostNord пошта қызметі хат тасымалдаудың 400 жылдық тарихын аяқтады.

Дания қағаз хаттан толықтай бас тартқан әлемдегі алғашқы ел атанды
Фото: Hi-Tech mail

Мұндай шешімге цифрландырудың қарқынды дамуы мен сұраныстың күрт төмендеуі себеп болған. 2024 жылы жеткізілген хаттардың саны 2000 жылмен салыстырғанда 90 пайызға азайған. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ-та соңғы жылдары пошта қызметінің көлемі шамамен 50 пайызға қысқарған.

Сонымен қатар PostNord ел аумағындағы 1 500 пошта жәшігін алып тастады. Оларды сатудан түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→