Басылымдардың жазуынша, мемлекеттік хатшы Марко Рубио Конгресс мүшелерімен өткен жабық кездесуде Гренландияға әскер кіргізу мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін нақты айтқан.
Бұл ұстаным бұған дейінгі қатаң мәлімдемелерге қарағанда жұмсағырақ. Бұған дейін Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт әкімшілік мақсатқа жетудің түрлі жолдарын қарастырып жатқанын, соның ішінде күш қолдану нұсқасы да жоққа шығарылмайтынын айтқан еді.
Ал Трамптың өзі нақты жауаптан әзірге жалтарып отыр. 4 қаңтарда ол журналистерге:
«Гренландия мәселесіне 20 күннен кейін қайта оралайық», — деді.
Еуропада бұл тақырып алаңдаушылық тудырып отыр. Кейбір ЕО елдерінің басшылары, соның ішінде Германия канцлері Фридрих Мерц Данияны қолдайтынын мәлімдеп, мұндай қауіп-қатерді жол беруге болмайтынын айтты.
Айта кетейік, 2025 жылдың жазында АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Гренландияны бейбіт жолмен алу мүмкін болмаса, америкалық әскерде басып кіру жоспары бар екенін іс жүзінде растаған болатын.
Сонымен қатар BBC-дің орыс қызметі Reuters агенттігіне сілтеме жасап, АҚШ Венесуэламен байланысты Marinera мұнай танкерін басып алу операциясын жүргізіп жатқанын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, танкерді қорғау үшін Ресей Атлант мұхитына әскери кемелерін, оның ішінде суасты қайығын да жіберген.