Наразылық акциялары Копенгаген мен Гренландия астанасы Нуук қаласында өтті. Шеруге қатысушылар «Гренландия сатылмайды» және «Болашағымызды өзіміз шешеміз» деген жазуы бар плакаттар көтерген.
Гренландиялық саясаткер Эрик Йенсен арал тұрғындары АҚШ құрамына кіруге де, аннексияға да қарсы екенін айтты. Нууктегі митингке Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен де қатысып, халықтың ұстанымын қолдады.
Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесіне сәйкес, Гренландия халқының шамамен 85 пайызы АҚШ-қа қосылуға қарсы.