weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Швейцарияда жаңа жыл түні жарылыс болды: Тоқаев көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президенті Ги Пармеланға Кран-Монтана тау шаңғысы курортында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Швейцарияда жаңа жыл түні жарылыс болды: Тоқаев көңіл айтты
Фото: Ritam English

Мемлекет басшысы жеделхатында өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты терең қайғысын білдіріп, Қазақстан халқы швейцариялықтардың орны толмас қазасына ортақтас екенін атап өтті.

Қайғылы жағдай 1 қаңтарға қараған түні орын алған. Жаңа жылды қарсылау кезінде Кран-Монтана курортындағы Le Constellation клубында жарылыс болып, артынша ауқымды өрт шыққан. Вале кантоны полициясының мәліметінше, бірнеше ондаған адам қаза тапқан, алайда құрбандардың нақты саны әзірге жарияланған жоқ. Шамамен жүзге жуық адам жарақат алып, олардың көпшілігі ауыр күйіктермен ауруханаларда ауыр халде жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→