Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға жоғары және кемінде соңғы он жылдағы ең жоғары нәтиже болып отыр. Айта кету керек, қазіргі статистикалық жіктеу 2017 жылдан бері қолданылып келеді. Соған қарамастан, 2015–2016 жылдары Қазақстанға импортталған барлық ұқсас цитрус жемістерінің (түрлі гибридтерді қоса алғанда) көлемі де бүгінгі деңгейге жетпеген.
Алайда ақшалай мәнде жағдай басқаша. Мандарин импортының жалпы құны бір жылда 38 млн доллардан 37 млн долларға дейін төмендеген. Соның салдарынан бір тонна мандариннің орташа долларлық бағасы шамамен 20 пайызға арзандаған. Дегенмен бұл төмендеу бөлшек саудадағы нақты бағаға қаншалықты әсер еткені ресми статистикада көрсетілмейді.