weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павел Дуровтан бала көтеруге ЭКО тегін

Миллиардер әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерге, ұрығын тегін беріп, ЭКО (жасанды ұрықтандыру) процедурасының шығынын өзі көтермек, деп хабарлайды newsroom.kz порталы dailymailNews басылымына сілтеме жасап.

Павел Дуровтан бала көтеруге ЭКО тегін
Фото: dailymail.co.uk

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров демографиялық дағдарысқа қарсы күресті жаңа деңгейге көтермек. Миллиардер әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерге, егер олар одан бала сүюді қаласа, ЭКО (жасанды ұрықтандыру) процедурасының барлық шығынын өзі өтейтінін мәлімдеді.

Алайда белгілі бір талаптар бар: Дуровтың ұрығын алу үшін әйел 38 жасқа толмаған әрі ресми некеде тұрмауы керек. Сондай-ақ ол өзінің барлық биологиялық балалары (донорлық арқылы дүниеге келгендерді қоса алғанда) болашақта онымен ортақ генетикалық байланысы дәлелденсе, көпмиллиондық мұрасына үміткер бола алатынын айтты.

Павел Дуров 2010 жылдан бері «генін бөлісіп» келеді. Бастапқыда ол тек досына көмектескісі келген, алайда сапалы донорлардың тапшылығы бар екенін білген соң, бұл іске белсендірек араласа бастаған. Биыл Мәскеудің өзінде ғана бірнеше ондаған әйел «Дуров кодын» сұратқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→