weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павел Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеді

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі Луврда болған ұрлықты Франциядағы жағдайдың нашарлауымен байланыстырды. Ол ұрланған әшекейлерді сатып алып, оларды Абу-Даби Луврына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz 

Павел Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеді
Фото: x.com

Павел Дуров әлеуметтік желі X-тегі жазбасында Луврдағы ұрлық оқиғасын Франциядағы жүйелік дағдарыстың және биліктің шынайы қауіп-қатерлерге жауап бере алмауының айқын көрінісі деп атады.

«Луврдың тоналуы мені мүлде таңғалдырмады. Бұл – үкіметтің елдегі нақты мәселелердің орнына жалған қауіптерге назар аударуға бейім болғанының тағы бір дәлелі», – деп жазды ол.

Кейінірек Telegram негізін қалаушы ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, оларды Абу-Дабидегі Лувр музейіне тапсыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Ұрланған әшекейлерді қуана-қуана сатып алып, оларды Луврға қайтарамын. Әрине, сөз Абу-Даби Лувры туралы. Себебі Абу-Даби Луврынан ешкім ештеңе ұрламайды», – деді Дуров.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→