Ғалымдар STAR (Sperm Track and Recovery — сперматозоидтарды іздеу және бөліп алу) деп аталатын арнайы жүйе жасап шығарған. Бұл жүйе эякуляттағы (шәуеттегі) сперматозоидтарды анықтау үшін нейрожеліні (нейросеть) қолданады.
Жаңа технология, әсіресе, азооспермиямен – яғни, шәует құрамында тірі сперматозоидтар мүлде болмайтын диагнозбен күресуде тиімді. STAR жүйесі микрожидкостық чип арқылы жұмыс істейді: арнайы чиптен өткен шәует үлгісін ЖИ талдап, құрамындағы тірі сперматозоидтарды бөліп алады да, оларды ұрықтандыруға жарамды арнаға бағыттайды.
Мамандардың айтуынша, бұрын қолмен анықтауға бірнеше сағат кететін ұрықтарды ЖИ жылдам әрі дәл тауып бере алады. Бұл — ерлі-зайыптыларға үміт сыйлайтын озық тәсіл.
Колумбия университетінің ұрпақ өрбіту саласының маманы, дәрігер Зев Уильямс:
“STAR жүйесі сперматозоидтарды нәзік түрде анықтап, бірден ұрықтандыру процесіне пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл — репродуктивті медицинадағы үлкен серпіліс”, — дейді.
Ғалымдар болашақта жасанды интеллекттің адам өміріне араласуы бұдан да тереңдей түсетінін айтады.
“Кім біледі, бір күні ЖИ бала табуға ғана көмектесіп қоймай, оны тербетіп, жөргегін ауыстырып, тіпті, ертегі де оқып беретін шығар”, – дейді әзіл-шыны аралас пікір білдірген дәрігерлер.