weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елдос (Колобок) пен жұбайының 10 жыл күткен сәбилері дүниеге келді

Белгілі әзілкеш әрі блогер Елдос Қадырханов (желі қолданушылары арасында «Колобок» атымен танымал) отбасында қуанышты жаңалық болды — көптен күткен сәбилері дүниеге келді.

Елдос (Колобок) пен жұбайының 10 жыл күткен сәбилері дүниеге келді

Жұбайы Тәншолпан екеуі бұл қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісіп, перзентханадан әсерлі суреттер жариялады.

“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын!
Қош келдің, ұлым. 12.11.2025. 
Ішпей-шекпей де мас болуға болады екен. Бақыттан басым айналып, ұшып жүрмін, ағайын. Сезімді жеткізе алмай жазып отырмын. Жүрегім ішіме сыймай жатыр. Шүкір, шүкір, шүкір”, – деп жазды ол парақшасында.

Жазбаның астына бірден жүздеген құттықтау пікірлер қалдырылды. Оқырмандар мен достары: «Бауы берік болсын!», «Құтты болсын!», «Өте қуаныштымыз!» деп ізгі тілектерін жолдады.

Елдос пен Тәншолпан шаңырақ көтергеніне шамамен он жыл болған жұп. Олар бұрынғы сұхбаттарында сәбилі болуды көптен армандағандарын айтқан еді. Сондықтан бұл жолғы қуаныш — олардың өміріндегі ерекше әрі көптен күткен сәт болды.