weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадағы LRT наурызда жолға шығуы мүмкін

Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) алдағы наурыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Астанадағы LRT наурызда жолға шығуы мүмкін
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімнің айтуынша, LRT 30 қыркүйектен бері сынақ режимінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында шамамен екі жарым ай өтті. Ай соңына дейін барлық вагондар толық жеткізіліп, станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталмақ.

«Бастапқыда сынақ кезеңі үш айдан алты айға дейін созылады деп айтқанбыз. Алдағы бір-екі айдың ішінде барлық тексеру мен дайындық жұмыстары тәмамдалып, LRT-ні толыққанды пайдалануға беруді көздеп отырмыз», – деді қала басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қала әкімдігінің болжамынша, жаңа көлік желісі іске қосылғаннан кейін Есіл ауданы мен Нұра ауданы бағыттарындағы көлік жүктемесі едәуір азаяды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→