Оқиға түн қараңғысында болған. Кесілген шыршаны қоқыс алаңына сүйреп бара жатқан екі адамды қала тұрғындары байқап қалып, видеоға түсірген. Жазба әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшілік біреулер жаңа жылға дайындалып жатыр деп ойлаған.
Алайда КТК хабарлағандай, жағдай әлдеқайда қарапайым болып шықты. Шыршаны жергілікті дәмхананың иесі кестірген. Ол полицияға ағаштың салдарынан мекеменің маңдайшасы көрінбей тұрғанын айтқан. Кәсіпкердің ағаш кесуге ешқандай рұқсаты болмаған.
Нәтижесінде көпжылдық шыршадан жалаң дің ғана қалды. Кейін оны мишурамен безендіріп, болған оқиғаның символына айналдырған. Кәсіпкерге 118 мың теңге айыппұл салынды. Ол қала тұрғындарынан кешірім сұрап, жаңа ағаштар отырғызуға уәде берді.