Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

778 млн теңге заңсыз табыс: Ақтөбеде кәсіпкер сотталды

Ақтөбе облысында «Kazenergy» ЖК басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Newsroom.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
 

778 млн теңге заңсыз табыс: Ақтөбеде кәсіпкер сотталды
Фото: istockphoto.com

Тергеу мәліметінше, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеп, пеш отынын өндіруді ұйымдастырған.

Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнайы бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген.

Алайда кәсіпкерде қауіпті қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат болмаған.

Нәтижесінде 11 млн литрден астам пеш отыны сатылып, 778 млн теңге көлемінде қылмыстық табыс алынған.

Сот шешімімен кәсіпкердің өндірістік нысаны, автокөліктері және банк шоттарындағы қаражаты тәркіленді.

АФМ мәліметінше, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сәйкес келмеген және құрамында зиянды химиялық компоненттер болған. Мұндай отынды пайдалану ауаға улы заттардың бөлінуіне әкелуі мүмкін.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Сенім білдірушілер