Тергеу мәліметінше, іс фигуранттары ағаштарды жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырған деген күдікке ілінген.
Олар ақшалай сыйақы үшін орманның өтімді учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырған.
Жүргізілген тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары, ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» резерватының қызметін тексеру барысында заңсыз ағаш кесуге қатысты 1890 фактіні анықтағаны хабарланған.