weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 желтоқсан, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мароккодағы жұмбақ апат: бір сәтте екі үй құлап, 8 отбасы қаза тапты

Мароккода екі үй құлап, 19 адам қаза тапты: ондаған тұрғын жараланған
Фес қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Мароккодағы жұмбақ апат: бір сәтте екі үй құлап, 8 отбасы қаза тапты
Фото: latestly.com

10 желтоқсанға қараған түні Марокконың Фес қаласындағы Әл-Массира ауданында екі төрт қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Оқиға кезінде ғимараттарда сегіз отбасы болған.

Жергілікті Hespress басылымының дерегіне сай, апат салдарынан 19 адам көз жұмды, тағы 16 тұрғын жарақат алды.

Зардап шеккендер әртүрлі дене жарақаттарымен Фес университеттік ауруханасына жеткізілді. Құлаудың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылардың жұмысы әлі жалғасуда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→