weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Үш қабатқа төмен құлады»: Астанада тұрғын лифттегі жағдайға шағымданды

Астанадағы «Поколение Бизнес» тұрғын үй кешенінің тұрғыны лифт ішінде болған оқиға туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның айтуынша, лифт кенеттен үш қабаттай төмен түсіп, кейін электр жарығы өшіп қалған, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

«Үш қабатқа төмен құлады»: Астанада тұрғын лифттегі жағдайға шағымданды
Фото: Ашық деректер көзі

Тұрғынның сөзінше, сол сәтте лифтідегі жарық сөніп, батырмалар жұмыс істемей қалған. Ішкі камера да істен шыққан. Әйел қараңғы кабинада жалғыз қалғанын айтады.

«Мен шынымен қазір өлемін деп ойладым. Қолым дірілдеп, жүрегім тоқтап қала жаздады», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, лифтідегі ақаулар бұл жолы ғана болып отырған жоқ. Тұрғындар шамамен екі жылдан бері лифттердің жиі істен шығатынын және адамдардың ішінде қамалып қалатынын айтып келеді.

Тұрғынды электр жарығы өшкен кезде көмек шақыру батырмасының да жұмыс істемегені алаңдатады.

«Егер лифт шахтаға құлап кетсе ше? Бүгін мен қайтыс болсам, балам анасыз қалар еді», – дейді ол.

Әйел жағдайға байланысты BI Group компаниясынан түсініктеме беріп, лифттердің техникалық қауіпсіздігін тексеруді талап етті.

BI Group-тың ресми сайтындағы ақпарат бойынша, «Поколение» жобасы Астананың Есіл ауданында, Қабанбай батыр даңғылы, 38-учаске мекенжайында орналасқан. Жобаның құрылысына «BI Development Astana» жауапты. 

Оқиғаның нақты себептері мен лифттің техникалық жағдайы әзірге ресми түрде хабарланған жоқ. Компанияның түсініктемесі күтіледі.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→