weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде 11 сынып оқушысы анасын өлтіріп, әжесіне пышақ салған

Ақтөбеде 16 жасар мектеп оқушысы өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол сондай-ақ 71 жастағы әжесіне ауыр жарақат салған. Қайғылы оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды newsroom.kz Ақтөбе облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Ақтөбеде 11 сынып оқушысы анасын өлтіріп, әжесіне пышақ салған

Полиция оқиға орнынан 41 жастағы әйелдің пышақ жарақаттарымен мерт болған денесін тапқан. Ал оның анасы – 71 жастағы жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11-сынып оқитын жасөспірім оқиға орнында ұсталған және ол өз әрекетін мойындаған. Балалардың құқығын қорғау басқармасында отбасы бұрын “үлгілі” деп тіркелгенін, ал күдікті жақсы оқығанымен, тұйық болғанын айтты.

Қазір адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→