weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2026 жылдан бастап жергілікті салықтар қалай өзгереді? Жаңа Салық кодексіндегі басты жаңалықтар

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда мүлік, жер және экологиялық төлемдер бойынша бірқатар маңызды өзгеріс қарастырылған. Төменде сол өзгерістердің негізгі тармақтары.

2026 жылдан бастап жергілікті салықтар қалай өзгереді? Жаңа Салық кодексіндегі басты жаңалықтар
Фото: ашық дереккөз

Көлік салығындағы өзгерістер

1. Жеңіл көліктерге төмендетілген коэффициент енгізіледі:

  • 0,7 – 10–20 жыл пайдаланылған көліктерге
  • 0,5 – 20 жылдан асқан көліктерге

Осы коэффициенттер бойынша есептелген салық 2027 жылы төленеді.

2. 3 000 текше см-ден жоғары қозғалтқышы бар (2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін шығарылған/әкелінген) көліктерге салынатын бұрынғы жоғары мөлшерлеме алынып тасталды.

3. Шаруа қожалықтарына жеңілдік:
Әр фермерлік қожалық бір пикап үшін көлік салығынан босатылады.

4. Көлік санаты енді шанақ түрімен емес, техникалық паспорттағы ресми санатпен (A, B, C, D) анықталады.
Пикап, джип, лимузин деген анықтамалар қолданылмайды.

Салық есептілігін жеңілдету

2026 жылдан бастап:

  • Көлік салығы мен жер салығы бойынша ай сайынғы/тоқсандық есеп жойылады.
  • Салық төлеушілер тек жылдық декларация тапсырады және төлемді жыл соңында бір рет жасайды.
  • Мүлік салығы – егер жылдық сома 1 млн теңгеден аспаса, ағымдағы төлемдер туралы есеп беру міндеті алынып тасталады. Мұндай жағдайда да тек жылдық декларация жеткілікті.

Жер салығы мен жер төлеміндегі өзгерістер

Елдімекен шекарасына жаңадан кірген ауыл шаруашылығы жерлері ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылса, сол жерге арналған жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қатты пайдалы қазбаларды барлау/өндіру үшін берілген жерге төлем мөлшерлемесі көтерілді.

Мақсатына сай пайдаланылмайтын немесе заң бұза отырып қолданылатын ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы 2 есе өседі.

Экологиялық төлемдер

Төлем мөлшерлемелері ұлғайды:

  • Атмосфераға шығарындылар мен суға төгінділер үшін;
  • Бірінші санаттағы объектілердің (өмірді қамтамасыз ету объектілерінен басқа) өндіріс және тұтыну қалдықтарын көмуіне.

Қандай төлемдер алынып тасталды?

Жаңа Салық кодексінен мыналар шығарылды:

  • Жекелеген қызмет түрлеріне арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем
  • Мемлекеттік баждың 7 түрі
  • Алымдардың 6 түрі
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→