Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, жобада 2026–2032 жылдарға арналған шекті тарифтерді 2025 жылдың қолданыстағы деңгейінде бекіту қарастырылған. Министрлік мұндай шешім бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейтінін атап өтеді.
«Электр энергетикасы туралы» заңға сай тарифтер жеті жылда бір рет қайта бекітіледі. Қолданыстағы баға мөлшері 2018 жылы белгіленген және 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады.
Бұған қоса, Қазақстан билігі 2029 жылға қарай электр энергиясы тапшылығын толығымен жоюды жоспарлап отыр.