weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 16:09 / Admin / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматының бірнеше ауданында жарық сөніп қалды

14 тамызда Алматы мен Алматы облысының бірқатар аумағында электр энергиясы өшіп, тұрғындар жарықсыз қалды. Ақау KEGOC желілерінің бірінде тіркеліп, соның салдарынан энергожүйені қорғауға арналған автоматика іске қосылған, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Алматының бірнеше ауданында жарық сөніп қалды
Фото: ашық дереккөз

14 тамыз күні сағат 14:38 шамасында электр желілерінің бірінде апаттық жағдай тіркелді. Ақау салдарынан энергожүйеге түсетін жүктемені тұрақтандыру үшін қорғаныс автоматикасы іске қосылып, тұтынушылардың бір бөлігі электр желісінен уақытша ажыратылды.

Электр энергиясы Алматы облысының бірнеше ауданында, сондай-ақ Алматы қаласының Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында өшті. Қазіргі уақытта мамандар апаттың салдарын жою және электрмен жабдықтауды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Электр желісіндегі ақаудың нақты себептері анықталып, жағдай тұрақтандырылуда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→