weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Алматы жастары”: 2 мыңнан астам жас мегаполистен үй алды

Алматыда биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша екі мыңнан астам жас азамат жеңілдетілген несие алып, баспана иесі атанды.

“Алматы жастары”: 2 мыңнан астам жас мегаполистен үй алды

Биыл www.almaty-zhastary2025.kz платформасы арқылы барлығы 6 626 өтінім қабылданып, олардың ішінен 3 040 қатысушыға жолдама берілді. Соның ішінде 2 168 алматылық жас отбасы мен маман пәтер сатып алуға мүмкіншілік алды. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.

Сонымен қатар, әлеуметтік санаттағы 48 азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін тұрғын үй сертификаттары тегін берілді. Бұл көмекке бөлінген жалпы қаржы көлемі 72 млн теңгені құрайды.

Қалада жұмыс істейтін тағы бір бағыт — жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы. Оның аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар санатындағы кезектегілерге жалдау төлемінің 50 пайызы өтеледі. Бағдарламаның операторы – «Отбасы банк» АҚ, барлық өтінімдер онлайн қабылданады. Қазіргі уақытта субсидия алатын 639 жалға алушының баспанасы тексерістен өткен.