weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жыл басынан бері 100 шақты адам террористік әрекеті үшін сотталған

Қазақстанның төрт қаласында терроризмді насихаттады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Жыл басынан бері 100 шақты адам террористік әрекеті үшін сотталған
Фото: KazTag

Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді насихаттады деген күдікпен алты адам ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер діни мотивпен зорлық-зомбылық пен кісі өлтіруге шақыратын материалдар таратқан, сондай-ақ зайырлы құрылымға қарсы үгіт жүргізген. Насихат жұмыстарының бір бөлігі әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асқан.

Тінту барысында олардан оқ ату және суық қарулар, сондай-ақ елеулі көлемде діни әдебиет тәркіленді. Сот шешімімен ұсталғандардың барлығы қамауға алынған.

ҰҚК атап өткендей, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сонымен қатар, 3 қарашада Ақтөбе облысының тұрғыны терроризмге шақыратын материалдар таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.

ҰҚК дерегінше, жыл басынан бері 83 адам террористік және экстремистік әрекетке қатысты күдікпен ұсталып, 97 адам сотталған.