Бас прокуратураның мәліметінше, тергеушілер оқиға болған жерді қарап, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алған. Сондай-ақ қажетті құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген.
Қазір істің мән-жайын анықтау үшін 12 сараптама тағайындалған.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті лауазымды тұлғалар ауа райы жағдайын ескере отырып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін тиісті деңгейде бақыламаған. Бұдан бөлек, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде де тиісті талаптар сақталмаған деген күдік бар.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық себептері мен мән-жайына құқықтық баға беріледі.