Биыл қаңтар–қыркүйек аралығында елге тұрақты тұруға келген 16,2 мың адамның 8,3 мыңы — Өзбекстаннан, яғни барлық иммиграцияның 51%-ы. Мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет 2013 жылы тіркелген.
Статистикаға қарағанда, Өзбекстаннан келетіндердің саны былтырға қарағанда небәрі 11%-ға ғана артқан. Алайда олардың үлесі бірден өсті. Себебі жалпы иммиграция көлемі қатты қысқарған: Ресейден келгендер саны 47%-ға, Моңғолиядан келгендер 71%-ға азайған.
Этностық құрам бойынша Өзбекстаннан көшіп келушілердің негізгі бөлігі – қазақтар. Олар көбіне оңтүстік пен батысты таңдайды: келушілердің 41%-ы Алматы облысына, 22%-ы Маңғыстау облысына қоныстанған.