weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ-та Трамппен Тоқаев қана ағылшынша сөйлескен

Өзбекстан мен Түрікменстан басшылары болса, АҚШ президенті Дональд Трамппен орыс тілі арқылы тілдескен. 

АҚШ-та Трамппен Тоқаев қана ағылшынша сөйлескен

«Орталық Азия + АҚШ» (С5+1) саммитіне қатысқан бес елдің президенттері кездесуде түрлі тілде сөйлескен. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон өздерінің мемлекеттік тілдерінде сөз сөйлеген. Ал Шавкат Мирзиёев пен Сердар Бердымұхамедов Трамппен орысша сөйлескен.

Кездесуге қатысқан мемлекет басшыларының ішінде ағылшын тілінде сөйлеген жалғыз саясаткер — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды.

Айта кетсек, Дональд Трамп Ақ үйде ірі фармацевтикалық компаниялардың басшыларымен де кездесу өткізген. Кездесу кезінде қатысушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалғандықтан, шараның тікелей эфирі уақытша тоқтатылған.