Әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда
АҚШ Орталық барлау басқармасының The World Factbook мәліметі бойынша, 2025 жылы темекі шегу деңгейі елдер арасында едәуір өзгереді.
Темекі тұтыну аз елдер қатарында — Нигерия (2,6%), Гана (2,8%), Панама (4,5%), Эфиопия (4,5%).
Түрікменстан 4,8% көрсеткішпен ең төмен деңгейдегі алғашқы он елдің қатарында.
Керісінше, Науру (47,7%), Мьянма (42,2%), Индонезия (39%), Иордания (37,1%) темекі шегушілер көп елдер қатарына кіреді.
Орталық Азиядағы жағдай
Қырғызстанда ересектердің 26%-ы темекі шегеді (ерлердің 50,7%-ы, әйелдердің 3,1%-ы).
Өзбекстанда — 15,4% (ерлер 30,2%, әйелдер 1%).
Қазақстанда — 20,1% (ерлер 35,7%, әйелдер 6,3%).
Түрікменстанда бұл көрсеткіш небәрі 9,4% және 0,5%.
Гендерлік теңсіздік айқын: ерлердің үлесі әйелдерден бірнеше есе жоғары.
Өндіріс пен тұтыну артуда
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда 17,4 млрд дана темекі өнімдері өндірілген — бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп және соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Ішкі нарықтағы сұраныстың 86,7%-ын отандық кәсіпорындар қамтамасыз еткен.
Импорт бір жылда үштен біріне азайып, 2,3 млрд данаға түскен.
Керісінше, экспорт 30,8%-ға өсіп, 3,9 млрд данаға жеткен.
Бағаның өсуі тоқтар емес
2025 жылдың қазан айында сүзгісі бар темекі бағасы бір айда 0,8%-ға, ал бір жыл ішінде 12,7%-ға қымбаттаған.
Осылайша, темекі бағасы соңғы 77 ай қатарынан үздіксіз өсіп келеді.
Қорытынды
Қазақстан темекі шегу деңгейі бойынша әлемде 101-орында.
Еліміздегі әрбір бесінші ересек адам темекі шегеді, ал орта есеппен әр шылымқор күніне бір қорапқа жуық (19 дана) темекі тұтынады.