Заңгер әрі депутан Абзал Құспан өзінің тоқал алуға мүлдем қарсы екенін, алайда екінші әйел алуға рұқсат беру керек екенін айтты.
«Мен бұған қарсымын. Бірақ бұл менің жеке ұстанымым. Заңда да бұған тыйым бар. Алайда, заңға бағынып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан бұл мәселені заңдық тұрғыдан реттеу керек», дейді ол.
Ол сондай-ақ, жігіттер бұл үрдісті пайғамбар сүннеті деп алға тартатынын, алайда, пайғамбардың көп әйел алудағы мақсаты мен қазіргілердің мақсаты екі түрлі екенін айтты. Қазіргілер жап-жас қыздарды алатынын алға тартып, тоқал алғыштарды «құтырғандық» деп сынады.
«Түптеп келгенде екінші әйелдің құқығы заңдық тұрғыда мүлде қорғалмаған. Еркек оған заңды түрде жауапкершілік алмайды. Бұл Қазақстанда кең ауқымда айтылмаса да, кең таралған үрдіс. Сондықтан оған көз жұмып қарауға болмайды. Тоқал алуды заңдастырып, ретке келтіру керек», дейді Абзал Құспан.
Ол сондай-ақ, бұл мәжілісте қаралып жатқан мәселе емес екенін және өзі де алдына мақсат етіп қоймағанын ескертіп, заңгер ретінде пікір білдіргенін айты.