Осыған орай, біз облыстық СЭС мамандарымен тілдескен едік...
- Егеуқұйрықтардың көбею себеюі неде?
Соңғы уақытта қала аумағында кеміргіштердің көбеюі бірнеше факторлармен байланысты болуы мүмкін. Атап айтқанда: тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың уақтылы шығарылмауы, ашық қалған қоқыс контейнерлері, кәріз жүйелерінің тозуы мен жылы ауа райы кеміргіштер үшін қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар, дератизация (егеуқұйрықтарға қарсы өңдеу) жұмыстарының кейбір учаскелерде жүйелі жүргізілмеуі де себеп болуы ықтимал.
- Тексеріс жұмыстары нені көрсетті?
- Кеміргіштерге қарсы күрес және олардың таралуына байланысты мониторинг жүргізу Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларына кірмейді және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен көзделмеген. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтердің құзыретіне жатады.
Эпидемиялық төтенше ахуалдар туындаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органының шешімімен бюджет қаражаты есебінен кезектен тыс міндетті дезинфекция, дезинсекция немесе дератизация жүргізіледі. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) жергілікті атқарушы органдары іске асырады.
- Азаматтардың өтініштері бойынша қандай шаралар қабылдануда?
- Осы жағдайға байланысты ағымдағы жылы егеуқұйрықтардың көбеюі мәселесіне қатысты ресми түрде өтініштер түскен жоқ, бірақ 2025 жыл басынан бері тұрғындар мен ұйымдардан кеміргіштердің (тышқандар) көбеюіне байланысты 12 шағым түсті. Бұл өтініштер бойынша департамент тарапынан шешім қабылдау үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жолданды.
Қабылданған шараларға келсек, бұл сұрақ жергілікті атқарушы органдардың құзырында, атап айтқанда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жауапты. Алдын алу мақсатында қаланың тұрғын үй аулаларында, қоқыс жинау алаңдарында және инженерлік желілер маңында дератизациялау жұмыстары жүргізілу қажет. Бұл жұмыстарды арнайы лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асыра алады.
- Кеміргіштердің көбеюінің алдын алуға бола ма?
- Бұл жұмыс тек қана дезинфекциялау, дезинсекциялау және дерратизациялау шараларымен шектелмейді. Тұрғындар өз тарапынан: қоқыс пен тағам қалдықтарын уақытылы шығарып, арнайы контейнерлерге тастауға; үй мен аула маңындағы саңылауларды, жертөлелер мен қоймаларды герметизациялауға; азық-түлік қалдықтарын ашық қалдырмауға тиіс. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті. Коммуналдық қызметтер тарапынан қоқыс жинау орындарын санитариялық талаптарға сай қамтамасыз етілуі қажет.