Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында сұмдық оқиға болды. Белгісіз әйел егде жастағы, ІІ топтағы мүгедек тұрғынның үйіне баса-көктеп кіріп, бетіне сірке суын шашқан.
 
 Шабуылдан кейін жәбірленушінің көру қабілеті күрт нашарлап, көзіне химиялық күйік түскен. Қарақшы үйден алтын әшекей бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
 
 Жәбірленушіге дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, оны үйіне жіберген.
Зардап шеккен әйелдің қызының айтуынша, анасының жағдайы ауыр: «Анамның көзі күйіп қалды. Өзін нашар сезініп жатыр, бірақ дәрігерлер оны үйіне жіберді», — деді ол.
Қазіргі таңда полиция оқиға бойынша тергеу жүргізіп, күдіктіні іздестіруде.
 
 