weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда көше бойынан адам ұрлаған ба? (+ВИДЕО)

Атырауда «қызды ұрлап кету» пранкі айыппұлмен аяқталды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Атырауда көше бойынан адам ұрлаған ба? (+ВИДЕО)
Фото: бейнежазбадан скриншот

Атырауда «қызды ұрлап кету» пранкі айыппұлмен аяқталды. Үш жігіт «әлеуметтік эксперимент» түсіреміз деп, көпшілік орында  қызды ұстап алып, айғайлаған күйі көлікке күштеп отырғызған. Сценарий бойынша, өтіп бара жатқан адамдардың бірі батылдық танытып, «жәбірленушіні құтқаруы» керек болған. Камера, лайктар, танымалдық — бәрі әдеттегідей.

Алайда оқиға куәгерлері мұны қалжың деп қабылдамаған. Олар дереу полиция шақырған.

Нәтижесінде үш жігіт сот алдында жауап беріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) әрқайсысы 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бейнежазба осы жерде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→