Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Экологтар дабыл қақты: Өскемен ауасындағы улы газ деңгейі артқан

Өскемен қаласында күкіртсутегінің шекті мөлшері үш есе асып кеткені анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті хабарлады.

Экологтар дабыл қақты: Өскемен ауасындағы улы газ деңгейі артқан
Фото: НИА экология

Артық концентрация Бажов көшесі, 68 мекенжайында тіркелген, ал басқа нүктелерде, соның ішінде «Казцинк» ЖШС өндіріс алаңында көрсеткіштер қалыпты болды.

Экологтардың айтуынша, ауа сапасын тәуліктік мониторинг жүргізіліп отыр, зертханалық өлшеулер жалғасуда. Департамент қала әкімдігіне шара қолдану жөнінде ұсыныс хат жіберді.

«Казцинк» және Өскемен ЖЭО нысандарында негізгі шығарындылар көздері тексерілді. «Лавалин» қондырғысында, қорғасын зауытында және ЖЭО-ның негізгі мұржасында нормадан асу жағдайы тіркелген жоқ.

Дегенмен, қалада тұман мен түтін сейілмей тұр. Мамандар мұны екі аптадан бері жалғасып жатқан желсіз және ылғалды ауа райымен байланыстырады.

ҚМЖ кезеңінде (қолайсыз метеожағдайлар кезінде) кәсіпорындар өндіріс көлемін төмендетті:

  • «Казцинк» металлургиялық кешені қуатын 20%-ға азайтты,
  • мырыш зауыты — 50%-ға дейін,
  • Өскемен ЖЭО — 35%-ға қысқартты.

Қабылданған шараларға қарамастан, қала тұрғындары газ иісіне және тұманға шағымдануда. Әлеуметтік желілерде тұрғындар жөтел, тыныс алу қиындығы туралы жазуда.

Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы экологиялық ахуалдың денсаулыққа әсерін растайтын деректер жоқ екенін мәлімдеді.

24 қазанда Өскемен мектептерінде сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қала тұрғындары ауа райы жақсарып, тұман сейіледі деп үміттенеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату