Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Ата-анасынан шаршаған» жасөспірім үйінен 2,5 млн теңге алып қашып кеткен

15 жастағы жасөспірім ата-анасынан безіп, 2,5 миллион теңгені алып, «жаңа өмір бастауға» кетіп қалған.

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, бірнеше күн бойы іздестірілді. Полицейлер оны Ақмола облысында тапты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

«Ата-анасынан шаршаған» жасөспірім үйінен 2,5 млн теңге алып қашып кеткен
фото: storage.googleapis.com

Полиция дерегінше, жасөспірім үйден «танысына кітап апарамын» деп шығып, кейін оралмаған. Кейін белгілі болғандай, ол отбасындағы 2,5 миллион теңгені алып, Астанаға такси жалдап кеткен.

Бірнеше күннен кейін патрульдік полиция қызметкерлері Екатеринбург – Алматы трассасында көлікті тоқтатып, іздеу жарияланған балаға ұқсас жолаушыны байқаған.

Тексеру барысында жасөспірім бәрін мойындаған.

«Ата-анаммен және мектептегі жағдайлардан шаршадым, жаңа өмір бастағым келді», — деген ол полицияға.

Инспекторлардың айтуынша, жасөспірім шаршаңқы көрінгенімен, сабырлы болған.

«Бұл шешім — эмоцияның әсерінен туған әрекет екені байқалды. Баланың жағдайы тұрақты, қазір мамандардың бақылауында», — деді полиция қызметкерлері.й

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату