Мұндай мүмкіндік Қазақстан мен Армения азаматтарының бір-бірінің еліне төлқұжатсыз баруына жол ашатын келісімді ратификациялау туралы заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғаннан кейін пайда болды.
Дегенмен, бір шарт бар: егер Арменияда 30 күннен артық болуды жоспарласаңыз, міндетті түрде жергілікті полицияға тіркелуіңіз керек.
Келісімнің басты мақсаты – екі ел арасындағы туризм мен іскерлік қатынастарды дамыту.
Сонымен қатар, тараптар қауіпсіздік қатері, індеттің таралуы немесе заңсыз көші-қон күшейген жағдайдакелісімнің күшін уақытша тоқтата алады.