Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ересек ер адам соққыға жыққан

Анасы барлық кінәлілердің жазалануын талап етуде.

Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ересек ер адам соққыға жыққан

Алматыда 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні 18 жастағы жігітті 35–40 жастағы бірнеше ер адам соққыға жыққан. Оқиға Төле би көшесіндегі «Шашлыкоф» дәмханасының алдында болған.

Маржан Ботбаева есімді жалғызбасты анасының айтуынша, ұлы алғашқы соққыдан кейін есінен танып қалған. Соған қарамастан, ер адамдар оны басынан ұрып, аяусыз соққыға жыққан.

«Ұлымның мұрны сынған, басы жарылған, ерні жыртылған. 15–20 адамның ішінен тек үшеуі ғана ұсталды. Оларды жеңіл жаза қарастырылған 107-баппен тергеп жатыр. Мен барлық қатысушылардың табылып, заң алдында жауап беруін талап етемін», — деді Маржан Ботбаева Instagram желісінде.

Жәбірленушінің өзі де шабуыл жасағандарды танымайтынын айтады:

«Олар мүлде бөтен адамдар еді. Мас болғандықтан, сөйлесіп те болмайтын».

Полиция департаменті әлі жауап берген жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату