weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Автобуста төбелес болып, ер адам пышақ суырған

Алматыда қоғамдық көліктің ішінде бірнеше ер адам төбелесіп, жанжал кезінде олардың бірі пышақ қолданған. Оқиға кезінде автобуста әйелдер мен балалар да болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Автобуста төбелес болып, ер адам пышақ суырған
Фото: Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда бірнеше адамның автобустың ішінде төбелесіп жатқанын көруге болады. Жолаушылар мен жүргізуші жанжалды тоқтатуға тырысқан. Видеода балалардың жылағаны да естіледі.

Оқиға қаланың Түрксіб ауданында болған.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қақтығысқа қатысы бар күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді

«Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті әрекетке жол берілмейді. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», – деп хабарлады полиция.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→