weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ХАМАС пен Израиль «Бейбітшілік саммитіне» қатыспайды

Ертең Шарм-эш-Шейх қаласында Газа секторындағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қою рәсімі өтуі тиіс еді. Алайда The Jerusalem Post мәліметінше, ХАМАС та, Израиль де Мысырға бармайтынын хабарлаған.

ХАМАС пен Израиль «Бейбітшілік саммитіне» қатыспайды
Фото: ашық дереккөз

ХАМАС саяси бюросының жоғары лауазымды мүшесі Хусам Бадранның айтуынша, қозғалыс қол қою рәсіміне қатыспайды. Мысырда тек делдалдар мен АҚШ және Израильдің ресми өкілдері ғана болады.

Сол уақытта Израиль үкіметінің ресми өкілі Шош Бедросян да шетелдік журналистерге ел атынан ешкімнің «Бейбітшілік саммитіне» қатыспайтынын растаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Дональд Трамп Израильге барып, парламентте сөз сөйлейді. Кейін ол Газа секторындағы соғысты тоқтатуға арналған әлемдік лидерлер саммитіне қатысу үшін Мысырға барады деп жоспарланған.

Бұған дейін Израиль мен ХАМАС Газа қақтығысын тоқтатуға бағытталған бейбіт жоспардың алғашқы кезеңіне қол қойғаны хабарланған болатын.