weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Екінші АЭС қайда салынады? Үкімет көптен күткен шешімді жариялады

Қазақстанда салынатын екінші атом электр станциясының нақты орны белгілі болды. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысының Жамбыл ауданында АЭС салу туралы қаулыға қол қойды.

Екінші АЭС қайда салынады? Үкімет көптен күткен шешімді жариялады

Жобаны Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) корпорациясы жүзеге асырады. Бұл компания бұған дейін консорциумның жетекшісі ретінде таңдалған еді.

Қаулы 26 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұған дейін Үкімет екінші және үшінші АЭС-тің нақты орналасатын жерін ұзақ уақыт анықтай алмай келген.

Бұрын атом станциясы Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен кентінде немесе Курчатов қаласында салынуы мүмкін деген нұсқалар айтылған. Алайда соңында Курчатовта көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салу ұйғарылып, ал АЭС-ті Алматы облысына орналастыру туралы шешім қабылданды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→