Форум қарсаңында елдегі ең ірі AI-Hackathon by SHAI.PRO өтті. Ол жетекші университеттердің студенттері мен компания қызметкерлерін біріктіріп, бірнеше күн ішінде SHAI.PRO AI-платформасы мен агенттері негізінде тәжірибелік шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді. Қатысушылар қаржыдан білімге, өндірістен мемлекеттік секторға дейінгі салаларды өзгертуге AI-технологиялардың әлеуетін көрсетті.
Хакатон жеңімпаздары форумның басты сахнасында салтанатты түрде марапатталды. Бұл жас таланттар мен корпоративтік сектор көшбасшылары арасындағы сабақтастықты айқындады.
Форум топ-менеджерлерді, квазимемлекеттік компания өкілдерін, халықаралық сарапшыларды және бизнес көшбасшыларын біріктірді. Іс-шарада мынадай негізгі мәселелер талқыланды:
• корпоративтік процестерге AI енгізу стратегиясы,
• бизнесті жаңғыртудың жаңа тәсілдері,
• халықаралық трендтер мен жаһандық технологиялық дамудағы Қазақстанның рөлі.
«Біз бұл жолды хакатоннан бастадық, өйткені жас мамандар мен компания қызметкерлеріне өз күшін сынауға мүмкіндік бергіміз келді, – деді Алибек Полатов, SHAI.PRO компаниясының CEO-сы. – Ал оны форуммен аяқтадық, мұнда саланың болашағы топ-менеджмент деңгейінде талқыланды. Бұл Қазақстанда толыққанды AI-экожүйесін құруға жасалған жүйелі қадам».
“Leaders in AI” форумы бизнес пен технология ашық диалог құрған алаңға айналды, ал Қазақстан аймақтағы AI-шешімдерді дамытудағы өсу нүктесі ретіндегі мәртебесін растады.