Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 13:38 / Перизат Ілес / Әлем

Нигериядағы алтын кеніш апаты: 15 адам ғана құтқарылды

Нигерияның Замфара штатындағы алтын өндіретін шахтаның құлауы салдарынан кемінде 100 адам қаза тапқан болуы мүмкін, деп хабарлады аман қалғандар мен жергілікті тұрғындар,- деп хабарлайды newsroom.kz

Нигериядағы алтын кеніш апаты: 15 адам ғана құтқарылды

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 қыркүйек, бейсенбі күні Мару ауданындағы Кадаури кенішінде болған. Сол сәтте ондаған кенші жер астында жүрген. Құтқару жұмыстары жұма, 26 қыркүйекте де жалғасқан.

Құтқару жұмыстарына қатысқан жергілікті тұрғын Сануси Аувалдың айтуынша, үйінді астынан кемінде 13 мәйіт, оның ішінде оның немере ағасы да табылған.

«Құлау кезінде жер астында 100-ден астам кенші болды», — деді ол.

«Біз тірі қалғанымызға шүкір. Жүзден аса адамның ішінде бар болғаны 15 адамды ғана құтқара алды», — дейді жарақат алып, ем қабылдап жатқан Иса Сани.

Замфара штатындағы кеншілер қауымдастығының өкілі Мухаммаду Иса да бұл оқиғаны растады. Оның айтуынша, кейбір құтқарушылар да үйінді астында қалғандарды қазып алуға тырысқанда тұншығып көз жұмған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату