Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Нигерияда қайықтың аударылуынан 27 адам қаза тауып, 100 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Нигерияның солтүстігінде қайық аударылып, кем дегенде 27 адам қаза тауып, 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалды,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Нигерияда қайықтың аударылуынан 27 адам қаза тауып, 100 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Theguardian

Ақпараттар бойынша, Коги штатынан көршілес Нигер штатына бара жатқан қайықта 200-ге жуық жолаушы болған.

Құтқарушылар жұма күні кешке өзеннен 27 мәйітті алып шықты, ал жергілікті сүңгуірлер басқаларды іздеп жатыр,- деп хабарлайды Коги штатының төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Сандра Муса.

Мәліметтер бойынша, оқиға болғаннан кейін шамамен 12 сағат өткенде тірі қалған ешкім табылмады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату