Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде 22 адам мерт болды

Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде жаппай қыспақта қалған жұрт бірін-бірі таптап, 22 адам көз жұмды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде 22 адам мерт болды
Фото: видеодан кадр

Сенбі күні Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Анамбра штатындағы Окиджа қаласында Рождество мерекесі қарсаңында халыққа азық-түлік пен өсімдік майын таратуға арналған қайырымдылық шарасы өткен. Сол кезде қыспақта қалған 22 адам қаза болды. Мерт болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін.

Анамбра полициясының өкілі Точукву Икенганың айтуынша, зардап шеккен кей адамдар жергілікті ауруханаларда емделіп жатыр. Бірақ олардың нақты саны айтылмады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.