Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АЭС атауына конкурс жарияланды: сіз Қазақстандағы АЭС-ке қандай атау берер едіңіз?

Бүгіннен, яғни 25 қыркүйектен бастап қазақстандықтар алғашқы атом электр станциясына атау ұсынуға мүмкіндік алды. Конкурс 10 қазанға дейін жалғасады. Өтініштерді eGov Mobile қосымшасы арқылы жолдауға болады.

АЭС атауына конкурс жарияланды: сіз Қазақстандағы АЭС-ке қандай атау берер едіңіз?
Фото: eGov.kz

Ұсынылған атауларды дыбысталуының үйлесімділігіне, мәдени маңызына, түпнұсқалығына және атом энергетикасының имиджіне сәйкестігіне қарай бағалайды. Балағат сөздерге, дискриминациялық мазмұндағы немесе белгілі брендтердің аттарына жол берілмейді. Ақшалай жүлде қарастырылмағанымен, тарихта қалу мүмкіндігі бар.

АЭС атауына өз нұсқамызды қалай ұсынамыз?

eGov mobile қосымшасының басты бетінде «АЭС-ке атау ұсыну» деген бөлімге кіресіз:

  • қазақ немесе орыс тілін таңдаңыз;
  • өз нұсқаңды енгізіңіз;
  • қажет болса, қысқаша түсіндірме жазуға болады (міндетті емес);
  • ресми ережелермен танысқаныңды растау.

Жеңімпаз қазан айының соңына дейін белгілі болады. Агенттік бағалаудың ашық әрі әділ өтетініне уәде берді.

Еске салайық, АЭС Алматы облысының Үлкен ауылында салынып жатыр. Жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қолға алынған. Құны – шамамен 14–15 млрд доллар. Құрылысты «Росатом» қатысатын консорциум жүргізеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату