Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қырғыз-қазақ шекарасында жемқорлық: Қырғызстанда шенеуніктерді  жиналыс үстінде ұстады

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерді жиналыс үстінде ұстады. Олар қырғыз-қазақ шекарасындағы «Чалдовар – Автожол» бекетінде ұйымдастырылған жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) хабарлады.

Қырғыз-қазақ шекарасында жемқорлық: Қырғызстанда шенеуніктерді  жиналыс үстінде ұстады
Фото: Қырғызстан ҰҚК баспасөз қызметі

Мекеменің дерегінше, салық органдары, шекара қызметі, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау инспекциясы, сондай-ақ көлік министрлігіне қарасты салмақ-бойлық бақылау инспекциясының бірқатар қызметкерлері «толкачтармен» бірлесіп, ЕАЭО елдерінен тауарды заңсыз кіргізу жүйесін құрған.

Жалған тауарқұжаттар арқылы жүктердің көлемі мен құны төмендетіліп көрсетілген. Ал жүк иелері контрабанданы өткізу үшін «толкачтарға» әрбір жүк көлігіне 1 500–2 000 доллардан төлеген. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері өз кезегінде 5–7 мың сом көлемінде пара алып отырған. ҰҚМК есебінше, тек «Чалдовар – Автожол» бекетінің өзінен күніне шамамен 80 мың сом жиналған.

Бұл дерек бойынша «Сыбайлас жемқорлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қырғызстанның бірнеше азаматы мен бір Өзбекстан азаматы ұсталып, олардың компаниялары арқылы жалған құжатпен тауар әкелгені анықталды.

Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, осындай жағдай Шу облысындағы басқа бекеттерде – «Ақ-Жол – Автожол» және «Ақ-Тілек – Автожолда» да тіркелген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату