Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Сталкинг» туралы жаңа баппен алғашқы қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында алғаш рет Қылмыстық кодекстің сталкингке қатысты жаңа бабы қолданылды.

«Сталкинг» туралы жаңа баппен алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Фото: РБК

Оқиға Құрманғазы ауданының тұрғынына қатысты. Ол түнде бір әйелдің ауласына кіріп, терезесіне жақындап, әдепсіз қылық жасаған. Әуелде оның әрекеті «ұсақ бұзақылық» деп бағаланып, сот 60 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттеген.

Алайда кейін жәбірленуші бейнебақылау жазбасын дәлел ретінде ұсынды. Соның негізінде іс ҚР ҚК-нің 115-1-бабы – «Сталкинг» бойынша қайта қаралды. Тергеу барысында ер адамның бұған дейін де өзге әйелдердің үйлерінің маңында осындай әрекеттерге барғаны анықталды.

Енді күдіктіге қатаңырақ жаза қарастырылуда: 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, ірі көлемде айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамау. Полиция істің тергеліп жатқанын растады. Бұл – өңірдегі сталкингке қатысты қозғалған алғашқы қылмыстық іс.

Еске сала кетейік, сталкинг туралы бап Қазақстанда 20 тамыздан бастап күшіне енген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату