Ол Aissaule Bakytbek арнасындағы сұхбатында сталкингтің адамның соңынан жүйелі түрде аңду, мазалау, қорқыту және жеке өміріне араласу әрекеттерін қамтитынын айтты.
Дана Нұржігіттің сөзінше, мұндай жағдайға тап болған адамдардың барлығы бірдей полицияға жүгіне бермейді. Кейбірі қысым мен қорқыныш салдарынан үнсіз қалуы мүмкін.
Осыған байланысты депутат сталкингке қатысты нақты құқықтық норма қажет екенін көтерген. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша Бас прокуратура өкілдерімен де пікір алмасқан.
«Бұл терминді заңнамаға енгізу керек деп алғашқылардың бірі болып айттым», – деді Дана Нұржігіт.
Оның пікірінше, сталкинг бір реттік әрекетпен шектелмей, бірнеше ай немесе тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттердің алдын алып, зардап шеккен адамдарды қорғаудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру маңызды.
Сенатор адамдардың бір-бірінің жеке шекарасын құрметтеуі керектігін де атап өтті. Оның айтуынша, қарым-қатынаста қысым көрсетуге, бақылауға және адамның еркіндігін шектеуге жол бермеу қажет.