Жөндеуді жұмыстарын қай уақыттары істеуге рұқсат?
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес:
Жұмыс күндері: сағат 22:00–9:00 аралығында шулауға болмайды.
Демалыс және мереке күндері: сағат 23:00–10:00 аралығында тыйым салынады.
Мысалы, сенбі күні таңғы сағат 10-ға дейін қабырға бұрғылау – заң бұзушылық болып саналады. Бұл талап көпқабатты да, жеке үйлерді де қамтиды. Негізгі қағида – адамдардың тынығуына кедергі жасамау.
Қандай құралдар «шу» болып есептеледі?
Бұрғылау, перфоратор қолдану, қабырға долбылау.
Дауыс зорайтқыш, қатты музыка, айқай.
Тынығуға кедергі келтіретін кез келген қатты дыбыс.
Ерекше жағдай: апаттық жөндеу (мысалы, су кетуін тоқтату). Мұндайда кез келген уақытта жұмыс жасауға рұқсат.
Айыппұл көлемі
(2025 жылы 1 АЕК = 3932 теңге).
Жеке тұлғаларға:
– алғашқы бұзушылық – 5 АЕК (19 660 теңге);
– жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК (39 320 теңге).
Кәсіпкерлерге (кафе, құрылыс компаниялары):
– бірінші рет – 20 АЕК (78 640 теңге);
– қайталанса – 150 АЕК (589 800 теңге).
Егер күндізгі уақытта да дыбыс деңгейі 55 дБ-дан (шаңсорғыштың дыбысы) асса, айыппұлдар 200 АЕК-ке дейін (жеке тұлғаларға) және 2000 АЕК-ке дейін (бизнеске) өседі.
Жөндеудің уақыты мен шу шегі
Шулы жұмыстар күніне 8 сағаттан аспауы тиіс.
Шу деңгейі:
– жұмыс күндері – 55 дБ-дан,
– демалыс күндері – 45 дБ-дан аспауы керек.
Демалыс күндері жөндеуге бола ма?
Иә, бірақ тек сағат 10:00–23:00 аралығында. Басқа уақытта тыйым салынады.
Үй кешендерінің өз ережелері бола ма?
Кейбір тұрғын үйлерде ОСИ немесе КСК қосымша шектеулер қояды (мысалы, демалыс күндері жөндеуге толық тыйым салу). Заңды тұрғыда олар міндетті емес, бірақ көршілермен сыйластық үшін сақтаған жөн.
Егер көршілер шулы болса не істеу керек?
- Алдымен сөйлесіп көріңіз.
- Нәтиже болмаса – аудио/видеоға жазып алыңыз.
- 102 немесе 112-ге хабарласыңыз.
- Полиция акт толтыруға міндетті, көршілер қол қойып бере алады.
- Жауапсыз қалса – ІІД немесе сотқа жүгініп, моральдық өтемақы талап ете аласыз.
Егер пәтерді жалдап алғандар шуласа, полицияға шағымданғанда айып пәтер иесіне салынады.
Қысқаша кеңес
Жөндеуді тек рұқсат етілген уақытта жасаңыз.
Алдын ала көршілерге ескертіңіз.
Шуды 8 сағаттан асырмаңыз.
Құрмет пен түсіністік – ең бастысы.
Заң сізге өз үйіңізді жақсартуға мүмкіндік береді, бірақ көршілердің де тынығуға құқығы бар екенін ұмытпаңыз.