«10 қыркүйектегі пленарлық отырыста депутат Назаров А.К. анасына арнаған құттықтауында Парламент пен Мәжіліс регламентінің нормаларына, сонымен қатар депутаттық этика ережелеріне қайшы әрекет байқалмады», – делінген жауапта.
Мәжілістің түсіндіруінше, бұл құттықтау отырыс барысына кедергі келтірмеген және орынды түрде айтылған. Осыдан барып, «депутаттар аналарына мінберден құттықтау айтуына болады екен, тек Назаров сияқты сыпайы жеткізсе жеткілікті» деген ой туындайды.
Сонымен қатар Мәжіліс трибунаның негізгі мақсаты бар екенін ескертіп, ол тек ресми мәселелерді талқылауға арналатынын атап өтті.
Не болған еді?
10 қыркүйектегі пленарлық отырыста депутат Ардақ Назаров сөз алу алдында вице-спикерден рұқсат сұрап, анасының мерейтойына құттықтау жолдады. Ол жауабын күтпестен тілек айтып үлгерген.