«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, алғашқы апат Қарағанды облысында болған. Ford Mondeo жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан. Салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды.
Араға екі сағат салып Жетісу облысында, Алматы – Өскемен тасжолында тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Nissan Cefiro көлігі Lada мен Chevrolet Cobalt-қа соғылған. Nissan жүргізушісі мен Lada жолаушысы қаза тапты, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал Chevrolet ішінде болған сегіз адам, оның ішінде бір бала, мерт болды.