Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Президент: Қазақстан ішкі нарығындағы жағдай – ұятты күйде

Қазақстан ішкі нарығындағы қазіргі ахуалды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұятты жағдай деп атады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Президент: Қазақстан ішкі нарығындағы жағдай – ұятты күйде
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы ұлттық өнімдерді шетелдік нарықтарға белсенді түрде шығаруды тапсырды. Оның айтуынша, Үкіметтің стратегиялық міндеті – азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту.

– Әрине, 100 пайыз өзін-өзі толық қамтамасыз ету мүмкін емес, тіпті қажет те емес шығар. Бірақ қазіргі біздің нарықтағы жағдай – ұятты. Сонымен қатар ұлттық өнімді шетке көбірек шығаруды жолға қою керек. Ол үшін аграрлық экспорттың нақты жоспары қажет. Мұнда логистика, ветеринариялық және фитосанитарлық талаптар, сондай-ақ дұрыс маркетингтік стратегиялар ескерілуі тиіс, – деді Президент.

Оның сөзінше, бұл тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірнеше мемлекеттік органның ортақ міндеті. Сондықтан Үкімет деңгейінде үйлесімді жұмыс қажет.

– Үкімет Еуразиялық саудада әділ шарттарды талап ете білуге тиіс. Ал депутаттар отандық өндірушілердің мүддесін заңнамалық бастамалар арқылы қорғауы қажет. Біздің кәсіпкерлердің Еуразиялық экономикалық одақтағы өзге елдердегі әріптестерімен салыстырғанда мемлекеттен тиісті деңгейде қолдау алмай отырғаны белгілі болды. Соның салдарынан олар өз нарығында да бәсекеге төтеп бере алмай, шегінуге мәжбүр. Әсіресе сүт өндірушілердің жағдайы осындай, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату